Қарағандыда ғарышқа "барып қайтқан" долана тұқымы егіледі

1074

Ағаштардың өсуін ҚарМУ студенттері мен оқытушылары бақылайтын болады. Мамандар тағы бір тұқым партиясын іріктеп, сақтап қалды. 

Қарағандыда ғарышқа "барып қайтқан" долана тұқымы егіледі

Қарағандыда ғарышта болып қайтқан тұқымнан долана өсіріледі. Бұл ағаштардың бір бөлігін "Космонавт" қонақ үйінің аумағында отырғызады, ал қалғанын Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бас корпусының аумағына егіледі. 

"Тұқымдар 2018 жылдың 2 сәуірінде Жерден ұшып кеткен SpaceX Dragon кемесінің бортында болды. 2018 жылдың 4 сәуірінде оларды Халықаралық ғарыш стансасына жеткізді. Сонан соң 5 мамырда қайта жерге оралды. Тұқымдар жиырма миллион шақырымнан астам сапар шегіп қайтты, менде оны үш тілде растайтын хат бар. Мен осы тұқымдарды осында жеткізгенімізге өте қуаныштымын. Сәл кешіксек те, Қарағандыдағы егу науқанына орай үлгердік", – дейді аэроғарыштық инженер, Ресейдегі NASA өкілі Чед Роу. 

Ағаштардың өсуін ҚарМУ студенттері мен оқытушылары бақылайтын болады. Мамандар тағы бір тұқым партиясын іріктеп, сақтап қалды. Оларды ғарыштық сәулеленудің әсерін салыстыру және зерттеу үшін ғарышта болған өсімдіктердің жанында отырғызады.

"1971 жылы "Союз-Аполлон" ғарыш станциясында астронавтар канадалық шыршалардың тұқымдарымен өзара алмасқан болатын. Содан кейін бұл өсімдіктер Мәскеу мен Новосібірде отырғызылды. Зерттеу көрсеткендей, алғашқы он жылда тұқымдары ғарышта болған ағаштар 40% - ға өсіп, жеміс береді. Өкінішке орай, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зерттеулер тоқтатылды", –  деді Қарағанды қаласы әкімінің кеңесшісі және тұқымдарды ғарышқа жіберу идеясының бастамашысы Руслан Телегин. 

ҚарМУ қызметкерлері NASA-мен ынтымақтастықты жалғастыру және өсімдіктерге ғарыштық сәулеленудің әсерін егжей-тегжейлі зерттеуді әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу