Қарағандыда газ жарылып, үш адам зардап шекті

223

Науқастардың жағдайы қалай?

Қарағандыда газ жарылып, үш адам зардап шекті Фото: ТЖМ

Жарылыс салдарынан екі адам реанимацияға, біреуі комбустология бөліміне түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдай 13 қыркүйек сағат 14.37-де Қарағандыдағы Пригородная көшесінде жер үйде болған. Газгольдерді толтыру кезінде кенеттен атылған.

– Жер үйдің гаражында газ жабдықтарын толтыру кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. ТЖД мәліметінше, газ жабдықтары салыстырмалы түрде жақын орнатылған. 3 адам зардап шекті, – деді Қарағанды тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірлан Әбілқасымов.

Апаттар медицинасы орталығының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

– Екі науқас реанимацияға жатқызылды, жағдайы ауыр. Үшінші пациент комбустиология бөлімінде, орташа ауыр жағдайда. Үш пациенттің де термиялық күйігі бар, реанимациядағы науқастардың жасы – 21 және 52-де, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу