Қарағандыда Грузия консулдығы ашылды

874

Қарағандыда Грузия консулдығы ашылды

Қарағандыда Грузияның кұрметті консулдығы ашылды, деп хабарлады ҚазТАГ. 
"Қарағанды облысы аумағы бойынша өндірістік әлеуеті зор аймақ ретінде ынтымақтастық мақсатында үлкен қызығушылық тудырады. Өзінің экономикалық, мәдени, ғылыми әлеуеті, инфрақұрылымының даму деңгейі  бойынша Қазақстанда алғашқы орында.  Осы ретте, консулдық мекеменің ашылуы және Қарағанды облысындағы Грузияның құрметті консулы қызметіне  - Жанат Түсіпбековты тағайындау мемлекеттеріміздің өкілдері арасында бизнесті дамытуға септігін тигізетін болады", - деді ҚР-дағы Грузияның елшісі Зураб Абашидзе салтанатты шарада.  
"Сонымен қатар, консулдық Грузия азаматтарының мүддесін қорғайтын болады және Грузия халқының мәдениетімен танысуға септігін тигізеді", - деп толықтырды ол. 
Салтанатты ашылуда аталып өткендей, консулдықтың пайда болуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға кемектеседі. Бүгінде Грузияның қазақстандық капиталдың қатысуымен 170-ке жуық кәсіпорыны бар. Сегіз айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы мен Грузияның сауда айналымы 1 млн доллорды құрады. 
Грузияның консулдығы Қарағандыдағы С.Сапиев атындағы бокс орталығында орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу