Қарағандыда 22 қыркүйекте алғаш рет Kúzdik Jarty Marathon халықаралық жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Жартылай марафон бағдарламасына үш қашықтық кіреді: 21 шақырым 97.5 метр, 14 шақырым және 7 шақырым.
Сайысқа қатысушылар жүгіруді Бұқар жырау даңғылы бойындағы Тәуелсіздік алаңынан бастайды да, содан кейін Ленин көшесіне бұрылады. Сол жерден Мұстафин көшесі мен Нұркен Әбдіров даңғылына, кейін Бұхар жырау даңғылының бойымен бастапқы нүктеге қайта оралады.
Шараға 18 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу