Қарағандыда интернет арқылы жұртты алдаған алаяқтар ұсталды

531

Қарағандыда полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны хабарласып интернет-алаяқтың құрбаны болғанын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағандыда интернет арқылы жұртты алдаған алаяқтар ұсталды Фото: unsplash.com

Белгісіз тұлғалар әлеуметтік желі арқылы арызданушыға хабарласып, несиеге тауарды тиімді бағамен сатып алуды сұраған. Алаяқтар өздерін сауда администраторы ретінде таныстырып, ұсынылған тауарлардың алуан түрін көрсеткен. Бұл жәбірленушінің қызығушылығын тудырған. Нәтижесінде, интернет-алаяқтар 790 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденген. Ал арызданушы бірден полиция бөліміне хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 26 және 27 жастағы облыс тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында қылмыстарын мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу