Қарағандыда ірі қарадан қауіпті ауру анықталды

483

Қарағанды облысында ірі қара жануардан эмфизематозды карбункул ауруы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz eldala.kz порталына сілтеме жасап.  

Қарағандыда ірі қарадан қауіпті ауру анықталды Фото: eldala.kz

"Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды ​​филиалының 2 қарашадағы сараптама актісіне сәйкес, 20 қазанда ірі қара малдан алынған патологиялық материал эмфизематозды карбункул ауруына оң нәтиже көрсетті", - делінген Қарқаралы ауданының ветеринариялық-санитариялық инспекторының қорытындысында.

Мал Қоспақ қыстауында орналасқан "Свиридов" шаруа қожалығына тиесілі. Аталған аймақ толығымен карантинге жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу