Қарағандыда ішімдік өнімдерін заңсыз жасап, саудалаған топ ұсталды

779

Қарағандылық полицейлер 35 мың шөлмек заңсыз ішімдік өнімдерін тәркіледі.  

Қарағандыда ішімдік өнімдерін заңсыз жасап, саудалаған топ ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облыстық Полиция департаментіне белгілі бір азаматтардың облыс аумағында акциздік маркалармен алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы заңсыз ішімдік өнімдерін сатумен айналысып жатқаны туралы ақпарат түскен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен таңбалау тәртібімен ережелерін бұзған.

"Полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері және экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы екі мекен-жайда тінту жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген кешенді тінту жұмыстары барысында сараптама мамандарының алдын ала қорытындысына сәйкес, 35 мың шөлмектен астам жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен контрофактілі алкогольдік өнім тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен әр рулонда 1000 жапсырмадан тұратын 7 рулон жапсырылатын акциздік маркалар тәркіленді",- деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ішімдік өнімдерін жасап сатқан 7 күдікті анықталды. Оның ішінде 28 бен 57 жас аралығындағы бес ер азамат және 30 бен 59 жас аралығындағы екі әйел бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 233 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу