Қарағандыда қайтыс болған азамат ауруханаға ауыр хәлде түскен

940

Науқас бүгін таңертең 7:00-де көз жұмды.

Қарағандыда қайтыс болған азамат ауруханаға ауыр хәлде түскен

Қарағандыда коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 62 жасар азамат ауруханаға 30 наурызда ауыр күйде түскен. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, 31 наурызда таңғы сағат 7:00-де көз жұмған, деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

"Ауруханаға түскенде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Бірден жансақтау боксына жатқызылды. Интенсивті терапия жүргізілгенге қарамастан оның жағдайы нашарлай берді. Бүгін таңғы 7:00-де жүрегі тоқтады. Бұған дейін науқас дәрігерлер көмегіне жүгінбеген. Қазіргі кезде науқаспен байланыста болғандар анықталуда", – деді басқарма басшысы.

Жалпы облыста  коронавирустық инфекция жұқтырған 14 адам тіркелген. Қазіргі кезде 598 адам тәулік бойы бақылауға алынған, 1076 адам үй карантинінде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу