Қарағандыда қала әкімінің орынбасары ұсталды

995

Сот Жақсылық Шалабековті екі айға қамау туралы санкция берді. 

Қарағандыда қала әкімінің орынбасары ұсталды

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 12 қыркүйекте ұсталып, тергеу изоляторына қамалған. 13 қыркүйекте Қарағандыда мамандандырылған тергеу соты қала әкімінің орынбасарын екі айға қамау туралы санкция шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы прокурорлар Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Жақсылық Шалабеков былтырғы жылдан бері қала әкімі орынбасары лауазымын атқаруда. Бұған дейін ол сегіз жыл бойы Қарағанды қаласының  құрылыс бөлімін басқарып келген. Бейресми деректер негізінше әкім орынбасарының ұсталуына осы құрылыс бөліміндегі жұмыстары себепкер болған. Прокурорлар көпқабатты тұрғын үй салып жатқан жекеменшік фирмаға құрылыс бөлімі ірі көлемдегі қаражатты аванс ретінде бергенін анықтаған. Алайда бұл қаражаттың берілетіні жайында келісім шартта көрсетілмеген. Әзірге бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу