Қарағандыда жолдар мен тротуарларды қардан тазартуға 160 жол жұмысшысы мен 184 арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бірінші кезекте қарды автобус маршруттары өтетін негізгі магистральдардан, қоғамдық көліктің кірме аялдама жолдарынан, тротуарлардан, жаяу жүргіншілер өткелдерінен және одан әрі басқа учаскелерден шығарамыз", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты қар тазалау жұмыстары екі ауысыммен жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу