Қарағандыда қарағайды заңсыз кескен ер адам ұсталды

492

Құқық бұзушыға айыппұл салынбақ. 

Қарағандыда қарағайды заңсыз кескен ер адам ұсталды Фото: gov.kz

Қарағандыда орманшылар 3 жас қарағайды кескен ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 29 желтоқсан күні мемлекеттік орман қорының аумағында (Тихоновкада) орман күзеті үш метрлік қарағайларды кесіп алған браконьерді ұстады.

"Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Іс әкімшілік сотқа беріледі", – деп хабарлады облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Осыған дейін мемлекеттік орман қорының қала маңындағы учаскесінде ер адам қарағай бұтақтарын заңсыз дайындағаны үшін ұсталған болатын. Іс Теміртау полиция бөліміне берілді.

"Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қорға кіретін қылқан жапырақты ағаштардың орман екпелерін заңсыз кесу әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Егер залал 100 АЕК-ке дейін болса, онда 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 100 АЕК-тен жоғары-180 АЕК-ке дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не мүлкі тәркіленіп, 45 тәулікке дейін қамауға алынады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу