Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген мекемелер белгілі бо лды

1052

Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге айыппұл салынады. 

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген мекемелер белгілі бо лды

Қарағанды облысының өңірлік жедел штабының жедел әрекет ету орталығы 17 шілде күні Қазыбек би атындағы ауданда бизнес нысандарының карантин режимін сақтауын тексеру бойынша рейдтер өткізді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Сағат түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істейтін кафелер мобильді топтың ерекше бақылауында болды.
Сондай-ақ, кальян клубтары, барлар, сауналар, техникалық қызмет бекеттері тексерілді.
Белгілі болғандай, жекелеген кәсіпкерлер карантиндік талаптарды елемейді және 22.00-ден кейін жұмыс істейді.
Тыйым салынғанына қарамастан, кальян "Hookah House ашылып, түнгі уақытта "Хан" сауна, "Ажур", "Азия", "Nell' s After work bar" кафелері, "Сәлем" азық-түлік дүкені (Ержанов к-сі, 39/2) және ТҚС (Асфальтная к-сі, 26) жұмыс істеген.
Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) айыппұл салынады.
Полиция қызметкерлері карантиннің талаптарын көбіне көңіл көтеру орындары елемейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу