Қарағандыда карантиндік іс-шараларға қатысқан әскери міндеттілер марапатталды

751

Барлық әскерге шақырылушылар бір ай бойы қала аумағын санитарлық өңдеу үшін қосымша күш ретінде тартылған болатын.

Қарағандыда карантиндік іс-шараларға қатысқан әскери міндеттілер марапатталды

Алғыс хаттар карантиндік іс-шараларға қатысуға шақырылған 95 әскери міндеттіге тапсырылды. Олардың арасында ресми жұмыссыздар да, карантин кезінде демалыста жүргендер де болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Барлық әскерге шақырылушылар Қарағанды облысының әкімі, қала басшысы, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының және жұмылдыру дайындығы басқармасының атынан алғыс хат алды.

Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарлауынша, барлық әскерге шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша қызмет еткен, яғни басқа өңірлерге жіберілмеген. Кешке, еңбек күнінен кейін, барлығын үйлеріне жіберіп отырды.

"Олардың орташа жасы – 25-35 жас. Олардың арасында уақытша жұмыссыз қалғандар, ШОБ саласының өкілдері болды. Сондай-ақ, медициналық білімі бар 17 адам шақыртылған. Арнайы әскерге шақырылушыларға әскери қызметшілер үшін көзделген барлық жеңілдіктер қарастырылды. Жұмыссыздарға мемлекеттен 42 500 теңгеден ақша төленді, ал жұмыс істеп жүргендер бұрынғыдай мөлшерде жалақыларын алды", – деді Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Жомарт Жылқыбаев.

Оның айтуынша, әскерге шақырылушылар Қарағанды мен Теміртау қалаларында 9 миллион шаршы метр аумақты залалсыздандыру құралдарымен өңдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу