Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар қаза тапты

124

Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар қаза тапты Фото: freepik

Кеше, 1 қазан күні Қарағандыда Шахтер даңғылында кәріз құбырын ауыстыру кезінде мердігер компанияның екі жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қарағанды Су" компаниясы түсініктемесінде жұмыстарды мердігер ұйым – ТОО "НС Система" жүргізгенін айтты.

"1 қазанда учаскеде жер қазу барысында мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Компания өкілдері қаза болғандарды жерлеу шығынын "НС Система" басшылығы өз мойнына алатынын да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу