Қарағандыда қарттарды алдап, ақша алатын алаяқтар ұсталды

747

Қарағандыда зейнеткерлерді алдап жүрген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қарағандыда қарттарды алдап, ақша алатын алаяқтар ұсталды

Биыл Қарағандыда қарттарды алдап жүрген алаяқтар пайда болған. Олар жәбірленушілерге өздерін туысқандарымыз деп таныстырған.

3 ақпанда Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 73 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткердің айтуынша, әжейге белгісіз біреу келіп, өзін жиенінің досы екеніне сендірген. Күтпеген қонақ әжейден туысына 300 мың теңге қажет екенін айтып, сұраған. Алаяққа сеніп, зейнеткер оған қажетті соманы ұстатыпты. Біраз уақыттан кейін ол жиенімен байланысып, туысына қаржылық қолдау қажет емес екенін біледі.

25 наурызда сол Орталық ПБ-ға 66 жастағы зейнеткерден өтініш түскен. Зейнеткерге бір азамат қоңырау шалып, өзін Ресейде тұратын ұлы екенін айтып, ноутбук сатып алу үшін шұғыл түрде 250 мың теңге қажет екенін мәлімдеген. Ол ешқандай күдік тудырмағандықтан зейнеткер ол айтқан шотқа 250 мың теңге аударған. Осыдан кейін әйел ұлына қоңырау шалып, ақша түскенін сұраса, оған ноутбук қажет емес екені белгілі болған.

"Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орталық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды қ. ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Теміртау қаласының 39 және 44 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олар қылмыстарын мойындады", – деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер қаскүнемдердің тағы да осындай 12 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Олар келтірген залалдың жалпы сомасы 7 млн 177 мың теңгені құрады. Қаскүнемдер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу