Қарағандыда қаржы пирамидасы келтірген шығын көлемі анықталып жатыр

1181

Қарағандыда қаржы пирамидасы келтірген шығын көлемі анықталып жатыр

Қарағандыда қаржы пирамидасы жөніндегі қылмыстық іс бойынша, сан соғып қалған 50-ден астам азаматтың шығын көлемі анықталып жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК 217-бабы, 3-бөлімі, 2-тармағына ауыстырылды (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету). 

Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны күдікті болып отыр. Тергеу анықтағандай, "ФинансОптоГрупп" ЖШС директоры Елена Колесникова бірлесіп қызмет ету үшін азаматтардан аса ірі көлемде қаражат алып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған. 

"Бүгінде 50-ден астам зардап шегуші полицияға шағым түсірді. Тергеу күдіктінің тергеу органдарынан және соттан жасырынбақ болғанын анықтады. Фирма басшысының Қарағандыда тұрақты үйі жоқ, жалдамалы пәтерде өмір сүріп келген. Ол кәмелетке толмаған балаларын Ресей Федерациясы аумағында тұратын анасына жасырынып апарып тастаған", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, күдіктінің ешқандай кәсіпкерлікпен айналыспайтыны белгілі болды. "Бұған дәлел - қандай да бір өндірістік базаның, құрылыс бригадаларының және жабдықтардың болмауы", - деп хабарлады облыстық ІІД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу