Қарағандыда қатты соққан дауылдан екі бала жарақат алды

448

Қазір олар ауруханада жатыр.

Қарағандыда қатты соққан дауылдан екі бала жарақат алды Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда қатты дауылдың салдарынан екі бала зардап шекті. Үй ауласындағы жасанды көгал жамылғысын көтеріп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Әуелде алаң үстінде үш бала ойнап отырған. Біреуі дер кезінде кетіп үлгерген. Ал екеуін дүлей дауыл бірнеше метрге лақтырып жіберген. Салдарынан түрлі дене жарақатын алды.

Қазір олар ауруханада жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде. Миы шайқалған, бас сүйегі және қолысынған, - дейді дәрігерлер.

Қала әкімінің айтуынша, Көгілдір тоған ауданындағы бұл жасанды көгалды мердігерлер бір апта бұрын ғана төсеген. Жұмыс әлі аяқталмапты, сондықтан жиегін бекітіп үлгермеген. Қатты жел бүгін, сондай-ақ, бірнеше ағашты сындырып, қаладағы оқу орнының бірінің шатырын ұшырып әкетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу