Қарағандыда қауіпті ауру түрлеріне қарсы дәрілердің өндірісі артады

1707

Қазақстан нарығын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырған қарағандылық фармацевтикалық кешен 2019 жылы сүт безі мен асқазанның қатерлі ісігін емдейтін дәрі өндірмек.

Қарағандыда қауіпті ауру түрлеріне қарсы дәрілердің өндірісі артады

Биыл осы мекеме гемофилия мен қатерлі ісіктің бірнеше түріне қарсы қолданылатын дәрімен Қазақстан ауруханаларын 100 пайызға қамтыды, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл бес мыңға жуық ампула жасап шығарған кешен  келесі жылы бұл көрсеткішті екі есеге арттырмақ. Жаңа биотехнологияның күшімен жасалған препараттар отандық онкологиялық диспансерлер мен күрделі операция жасайтын клиникаларда кеңінен қолданылып жатыр. Фармацевтикалық кешен қазақстандық-ресейлік ынтымақтастық аясында ашылған. Бұл жобаға инвесторлар 3 жарым млрд теңгеден астам қаражат салған. Қазір мұнда 180-ге жуық адам еңбек етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу