Қарағандыда қаза болған сарбаз туралы фильм түсірілді

929

Қарағандыда қаза болған сарбаз туралы фильм түсірілді

Қарағандыда полиция қызметкерлері шынайы оқиға желісімен "Операция "Сирена" атты фильм түсірді. Оны 17 жыл бұрын ерекше қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза болған әріптестері, арнайы жасақ сарбазы Александр Истоминге арнады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Қойылым "Арлан" арнайы жасақ бөлімшесінің құрылғанына 20 жыл толу күніне орайластырылды. Фильм сценаристері әріптестердің еске алған әңгімелері мен мұрағат құжаттарын пайдаланған. 
Александр Истомин полиция қатарына 25 жасында қосылған, оған дейін әскери борышын орындап, шахтада қызмет еткен. Алдымен Абай ҚІІБ-де сарапшы-криминалист болған. Бес жыл өткен соң полиция сержантын Қарағанды облысының ҚІІБ жедел әрекет ету ротасына алған. 
2000 жылдың 26 қазанында арнайы жасақшы "Валют-Транзит банкке" шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтау операциясына қатысқан. Александр Истомин снайперлік бақылауда болған, қылмыскерлерді ұстау кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған. 
Батыр полицейдің есімін бірнеше жыл бұрын Абай қаласында мәңгілікке қалдырған. Александр Истомин тұрған Карл Маркс көшесінің бойындағы үйге ескерткіш тақтайша орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу