Қарағандыда "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" шеңберінде Қазақстандағы ең ірі көтерме-тарату орталығы салынып жатыр. Нысанның аумағы 60 гектарды құрайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Фермерлер өз өнімдерін делдалсыз сата алады. Ал қарағандылықтар маусымдық баға ауысуына қарамастан, жыл бойы анағұрлым арзанырақ ауыл шаруашылық өнімдеріне қол жеткізеді.
Құрылыстың бірінші кезеңінің құны 10,5 млрд теңгені құрайды.
"Елбасының тапсырмасы бойынша және мемлекеттік қолдаудың көмегімен Қарағандыда Көтерме-тарату орталығының құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Мұнда қойма логистикасының және онлайн-операциялардың ең жаңа теxнологиялары қолданылған. Бірінші кезеңі ағымдағы жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр", – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Алаңның ерекшелігі жабық павильондарға 164 дейін жүк көліктерін сыйдыра алатынында. Көтерме-тарату орталығының барлық ғимараттары желдетіліп, жылытылатын болады. Мұнда климаттық және құрғақ қоймалар, қойма терминалдары, түрлі температуралық режимдері бар камералар орнатылған. Бұған қоса, орталық аумағында кедендік аймақ пен қонақ үй кешені орналасады.
"Біз "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының құралдарын пайдаландық. Несиемізді субсидиялады. Сонымен қатар қажетті коммуникациялар келтіріліп, қосылды, оның ішінде темір жолы да бар",– деп атап өтті "Альфарух" компаниясының коммерциялық директоры Наиль Мунасипов.
Фермерлердің және сатып алушылардың ыңғайлығы үшін "Цифрлық Қазақстан" электрондық алаң іске қосылады. Аталмыш жүйе сауда-саттықты онлайн жүргізуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаның арқасында Қарағандыда 500 жаңа жұмыс орны құрылады. Болашақта аталмыш көрсеткіш 5000-ға дейін ұлғайтылмақ.