Қарағандыда кенші қызметіне орналастыру үшін 500 мың теңге сұраған

1238

Қарағанды облысы №1 көмір өнеркәсібі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қарағандыда кенші қызметіне орналастыру үшін 500 мың теңге сұраған

Ол жергілікті азаматты кенші қызметке орналастырамын деп, одан 500 мың теңге алған. Нақтырақ айтқанда  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі "Казахстанская" шахтасына жерасты кен жұмыскері ретінде жұмысқа орналастыру үшін ақша алған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының кінәні мойындау туралы мәмілеге келуіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Айыпты кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу