Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік үлкен шұңқырға түсіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 7 қыркүйек күні таңертең Гончарная көшесінде болды. № 41 бағыттағы автобус үлкен шұңқырға түсіп кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлікте отырған жолаушылар қатты қорыққандарын, автобус дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткенін айтады. Жолаушылардың ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ", - делінген портал таратқан хабарламада.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу