Қарағандыда қоғамдық көлікте билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынады

839

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жолаушылар тасымалы желісінде ONAY! бақылаушыларымен бірге тәртіп сақшылары да жұмыс істейтін болады. 

Қарағандыда қоғамдық көлікте билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынады Фото: ekaraganda

5 желтоқсаннан бастап Қарағандыда қоғамдық көлікте билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынады, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda  сайтына сілтеме жасап.

Жол ақысын төлемеу деректері анықталған жағдайда әкімшілік хаттамалар толтырылмақ. 

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге 2 АЕК (6126 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бүгінгі таңда қалада жолаушылардың жол жүру ақысын төлемеу және жүргізушілердің билет бермеу деректері жиі тіркелетін көрінеді.

Еске салайық, 15 қазаннан бастап Қарағандының қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізілген болатын. Оған сәйкес ONAY! көлік картасын пайдаланған кезде жол жүру құны 80 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 теңге.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу