Қарағандыда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды

729

"Оңай" карталарын пайдаланушылар үшін төлем өзгеріссіз қалды. 

Қарағандыда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды

Қарағандыда 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшамен есеп айырысатын жолаушылар 150 теңге төлейтін болады, деп жазады inbusiness.kz сілтеме жасап. 

"Жол ақысын қолма-қол төлеген кезде жолаушылар ерекше үлгідегі қағаз билеттерді алатын болады. Сараланған тариф қалалық және қала маңындағы маршруттардың автобустарында қолданылады. №118, 145 экспресс-маршруттардағы сапарлар үшін қосымша ақылар жойылады. №84, 100, 107, 121, 122, 127, 146, 165 қалааралық маршруттарында тариф өзгеріссіз қалады, жол ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді", – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қалада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 65%-ға дейін өскен. Сараланған тариф енгізілгеннен кейін өсім 95% болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу