Қарағандыда көктайғақтан 28 жол көлік апаты орын алды

860

Қарағандыда көктайғақтан 28 жол көлік апаты орын алды

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығынан бірден 28 жол көлік апаты орын алды, деп хабарлайды КазТаг.
"Таңертеңнен 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Облыс Ішкі істер департаменті барлық жүргізушілерді ұқыпты болуды және жол ережесін бұзбауды ескертеді", - деп хабарлады Қарағанды облысының ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының жолдарында көктайғақтың салдарынан автокөлік жолдан тайып шыға бастады.
"Ақтас және Қарағанды ауылдары арасындағы жолда автобус жүргізушісі қозғалысты басқара алмады және қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті", - деді Құдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу