Қарағандыда қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылды

1284

Тәртіп сақшылары сәбиді тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр.  

 Қарағандыда қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылды

Қарағанды қаласында қоқыс жәшігінен бір айлық нәресте табылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

3 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен сәби табылды.

Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық.

"Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", деп жазылған хабарлама.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу