Қарағандыда көлік жуатын тұрақтар қаптап кеткен

462

Кейбір өңірдегі ағайын суды тәңірден тілеп жалбарынып жүрсе, тағы бір аймақтар тіршілік нәрін оңды-солды шашуда.  

Қарағандыда көлік жуатын тұрақтар қаптап кеткен

Мәселен, Қарағанды мен Теміртау қалаларының тұрғындары жылына 600 млн текше метр су пайдаланады, деп хабарлайды Atameken Business.    

Әсіресе, суды көлік жуу тұрақтары толассыз ағызады. Бүкіл елді құрғақшылық қысқанда тіршілік көзі неліктен үнемделмейді?

Жалпы елімізде ауыз судың құны қанша тұрады? Осы сұраққа жауап беру үшін барлық өңірлердегі тариф құнын саралап шықтық. Алдымен бағасы шарықтап тұрған өңірден бастасақ. Ол – Ақтау қаласы. Ондағы тұрғындар тіршілік нәрінің 1 текше метрі үшін 223 теңге төлейді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Екінші орында Қарағанды тұр. Кеншілер қаласында суық судың 1 текше метрі 101 теңге тұрады. Үштікті Атырау түйіндейді. Мұнайлы астанада судың текше метрі 99 теңгеге тең. Ал ең арзан су Оралда. Онда тұрғындар суық судың текше метріне не бары 36 теңге төлейді. Қалған өңірлердегі баға айырмасы экрандағы кестеде көрсетілген. Жалпы еліміз бойынша орташа баға 71 теңге шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу