Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатқан азамат рөлді жібере салып терезеден сыртқа шығып қараған

999

Полиция көлік  жүргізушісін анықтап айыппұл салды. 

Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатқан азамат рөлді жібере салып терезеден сыртқа шығып қараған Фото: бейнеден скриншот

Қарағандыда өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізуші оны әлеуметтік желіге жариялаған. Сорақысы сол, ол көлік басқарып келе жатып рөлді жібере салып , терезеден денесін сыртқа толық шығарған. Оның бұл қылығын достары бейнекамераға түсіріпті , сосын ол бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы анықталды.

Құқық бұзушының жеке басын анықтау мақсатында облыстың патрульдік полиция полкінің жеке құрамына бағдар берілді.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін қала тұрғыны анықталды.

“Өзінің ерсі әрекетімен жол жүру ережесін бұзу сәтін жүргізуші ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

20 жастағы қала тұрғынына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 бабы 2 тармағы және 606 бабының 1 тармағына қатысты хаттама толтырылып 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (51 750 теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды”,- деп мәлімдеді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жүргізушінің әлеуметтік желісінде полицияның нысандық киімде тұрған суреті фотошоп арқылы жасалғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу