Қарағандыдағы колледждердің бірінің студенттері арасында жанжал болып, біреуі пышақ жарақатын алған, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 21 қыркүйек күні болған.
"Кенеттен туындаған жанжал кезінде студенттің бірі 19 жастағы қарсыласына пышақ жарақатын салды. 17 жастағы күдікті ұсталды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу