Қарағандыда 6-шы шілдеде "Шеберлер қалашығы- Город мастеров" қолөнер шеберлерінің фестивалі өтеді. Ол "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай өткізілуде, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми ақпараттық сайты.
Қолөнер шеберлері өз өнімдерін қала орталығында каскад алаңынан Орталық демалыс және мәдениет саябағының жағажайына дейін жайғастырады. Фестивальдің басталуы 11.00.
Ал 12.00 жергілікті ұжымдар мен Қазақстан эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың қатысуымен концерт басталады.
Сонымен қатар, көлемді ойын-сауық бағдарлама қарастырылған: қолөнер бойынша балаларға арналған шеберлік сағаттар, құммен сурет салу, суреттер көрмесі. Аулалық клубтар ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырады.
Кешкілік мерекелік концерт өтеді, онда жас әншілер, X-Factor, "Жұлдыздар фабрикасы" сияқты мега-жобалардың қатысушылары: Әли Оқапов, Ziruza, Ayree, Махмуд Урумбаев өнер көрсетеді.