Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады

989

Өңдеу зауыты 2021 жылы іске қосылады.

Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады

"YDD Corporation" ЖШС Қарағанды ​​ферроқорытпа зауыты шығарылатын көмір концентратының негізгі тұтынушысы болмақ, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Өнімнің бір бөлігін экспортқа шығару жоспарланса, қалған бөлігі компанияның қажеттіліктері үшін шикізат ретінде пайдаланылмақ.

Бүгінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ көмір байыту фабрикасын салу және модернизациялауға арналған өндіріске 7 жыл мерзімге 9 млрд 24 млн теңге көлемінде "Qaz Carbon" ЖШС-не несие желісін ашты.

Жобаның жалпы құны – 12 млрд теңге,  өз қаражаты тарапынан 3 млрд теңге инвестиция салынды, оның ішінде шетелдік инвестициялар бар. ҚДБ компанияға қарыз қаражатын 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынуда.

Банк ұсынатын қаржыландыру жаңа өңдеу зауытының құрылыс-монтаж жұмыстарына, жабдық сатып алуға, жеткізуге және орнатуға бағытталады. Негізгі қаржыландыру көмір концентратын шығаратын зауыттың құрылысына жұмсалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу