Қарағандыда концерт залының үздік жобасы таңдалды

542

Қарағандыда концерт залының үздік жобасы таңдалды

Қарағандыда концерт залының жобасы таңдалды. Оны Оңтүстік-Шығыста, ту тұғырының артында салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Ең үздік жоба байқауында 28 жасар қарағандылық Ернар Нұрмұқанов жеңімпаз атанды. 
"Мен бірінші байқауға да қатысқанмын, бірақ ол барлық жобалар толығымен аяқталмағандықтан өткізілмеген еді. Ол кезде ғимаратты тас ретінде салдым. Дала тасы біздер үшін қасиетті белгі. Бірақ соңыра ондай ғимарат жалпы қала келбетіне келе қоймайды деп ұйғардым, сондықтан оны классикалық сипатта салдым", - дейді Ернар. 
Жаңа төрт қабатты концерт залының ғимараты грек Парфеноны іспеттес болады: төрт жағынан қасбеттер бағаналармен жабылады. Басты залда бір дегенде 1250 адам орналаса алады. ал дайындық залында 400 кісі сыяды. 
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды. 
"Менің ойымша күзге қарай байқау жариялау үшін сараптамадан өте аламыз, сонан соң монтажды-құрылыс жұмыстарына кірісеміз. Қаржыландыру көздері болса, күз-қыс айларында құрылыс жұмыстарын бастап та кетеміз", - деді Қарағанды облыстық құрылыс, сәулет және қала қүрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тайхан Қалмаханов.
Барлығы байқауға іртүрлі сіулет стилінде 11 жоба ұсынылды. Басты шарт - ғимарат алдында жазғы уақыттарда шаралар ұйымдастыруға болатындай үлкен алаңның болуы, ыңғайлы жобалау және үйлесімді келбеті болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу