Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды

184

Зардап шеккендер жоқ. 

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды Фото: inbusiness.kz

Бүгін, таңертең Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу