Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

369

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды Фото: Google

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 20 адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қаңтар күні сағат 02:56-да қаладағы Степной-4 шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

"10 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 3 шаршы метрді алатын аумақта үй заттары мен жиһаздың өртеніп жатқаны белгілі болды. Төтенше жағдай департаментінің күштері баспалдақ маршымен пәтерлерден 20 адамды эвакуациялады. Оның бесеуі – балалар", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, өрт 03-30-да жойылды. 

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу