Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

79

Өрт бес қабатты үйдің жертөлесінен басталған. 

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары дер кезінде жетіп, 25 адамды, соның ішінде бес баланы ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Қарағандының Қазыбек би ауданында орналасқан Лобода көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде болған. Өрт бес қабатты үйдің жертөлесінен басталған.

Жертөледе жиналған қоқыс пен ескі заттар жанған. Түтін басқан үйден адамдарды шығару үшін ТЖМ қызметкерлері арнайы құтқару қалпақтарын қолданды.

Осы құрылғының көмегімен 10 адам (оның ішінде 2 бала) қауіпсіз жерге шығарылса, тағы 15 тұрғын (оның ішінде 3 бала) баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай сөндірілді.

"Құтқарушылар келген бойда тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын бастады. Ең бастысы – зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін нақтылап жатыр", – деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Мамандар көпқабатты үй тұрғындарына жертөлелер мен баспалдақ алаңдарында қоқыс пен тез тұтанатын заттарды сақтамау керектігін тағы да ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу