Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

336

Өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады.

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 24 наурызда болған.

"Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Жергілікті жерде өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды.

Өрттің алдын ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

"ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу