Полицияға Қарағанды қаласы Гапеев көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан бір қыздың секірмекші болып тұрғандығы туралы ақпарат түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қыз баламен сөйлесіп, оңтайлы сәтті пайдаланып, шатырдан түсіріп алды. Азаматшаның 18 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері азаматшаны көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу