Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 1 жасар бала құлап кетті

800

Қарағандыда үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 1 жасар бала құлап кетті

Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. 2 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қарағанды қаласында үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2020 жылы туған бала абайсызда құлап қалған. Бала ауруханаға жеткізілді.

"Бала жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, тұрақты. Гемодинамика тұрақты. Көптеген жаралар, жұмсақ тіндердің жарақаттары бар", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ересектер тарапынан тиісінше қадағаламау - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себеб і . Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларды мұқият бақылауын күшейтуді, оларды терезелері ашық үй-жайларда жалғыз қалдырмауды сұрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу