Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін аман қалды

170

Бала шөпті жерге құлаған. 

Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін аман қалды Фото: pavlodarnews.kz

Қарағандыда екі жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Дәрігерлердің айтуынша, аяғы сынып, басынан зақым алған бүлдіршіннің жағдайы ауыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Қазір баланың жағдайы орташа ауыр. Оны әлі тексеріп жатырмыз. Бас сүйегі зақымдалған, миы шайқалған. Сонымен қатар аяғы сынған", - дейді нейрохирург Руслан Хаутиев.

Бала құлап түскен жері қатты болмаған — шөпті жерге құлаған. Сәби ата-анасымен Астанадан қонаққа келген екен. Үлкендердің көзін ала бере, жақтауға шыққан. Сосын шыбын-шіркейге қарсы қойылған терезедегі торға сүйенемін деп, екінші қабаттан құлапты.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 21 бала терезеден құлап кеткен. Оның төртеуі көз жұмыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу