Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 17 желтоқсанға қараған түні Университетская көшесі, 19 мекенжайындағы тоғызыншы қабаттағы пәтерде жалпы ауданы 8 шаршы метр жерде үй заттары мен есік блогы отқа оранған.
Ақпаратқа сәйкес, барлығы 7 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Баспалдақ маршымен 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Көміртегі тотығымен уланған 1982 жылы туған ер адам облыстық медицина орталығына жеткізілді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда науқас Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруxанада емделіп жатыр. Оның жағдайы жақсарып келеді.
Өрттің алдын-ала себебіне отпен абайсызда жұмыс істеу (темекі шегу) жатады.