Естелік сурет Qazaq club бастамасымен жасалды. 2020 жылы шыққан "Тәуелсіздік лентасы" негізге алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Белгінің ортасында Қазақстан Республикасының картасы орналасқан. Шеңберде сегіз маңызды тарихи даталар бар. Олардың жанында қазақ тарихының көрнекті тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері бейнеленген: ғұндар мемлекетінің негізін қалаушылар Мөде-қаған, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, Үш жүзді біріктіруші Абылайхан, соңғы қазақ ханы, батыр Кенесары Қасымұлы, "Алаш" қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан. Сондай-ақ белгіде Түркі қағанатының символы – "Бөрілі байрақ" Туы және Есік қорғанынан табылған Алтын адам бар.
"Тәуелсіздік белгісі" 2500 жылға созылған қазақ тарихының барлық негізгі тарихи кезеңдерін қамтиды. Онда сегіз тарихи даталар мен алты тарихи тұлғалар бейнеленген. "Тәуелсіздік белгісі" - жоспарланған бес жобаның үшінші жобасы. Бұған дейін Қазақстанның әскери тарихына арналған "Тәуелсіздік лентасы" және "Жауынгерлік Даңқ лентасы" жарық көрді, – деді "Тәуелсіздік белгісінің" авторы Нұржан Сұршаұлы.