Қарағандыда көшелерді жөндеуге бөлінген 2 млрд-тан астам қаржы қолды болған

1040

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қарағандыда көшелерді жөндеуге бөлінген 2 млрд-тан астам қаржы қолды болған Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағандыда қала көшелерін жөндеуге бөлінген 2 млрд-тан астам қаржы ұрланды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам сома құрайтын бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс прокуратураның жіті бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу