Қарағандыда креативті шыршалар фестивалі өтті

903

Қарағандыда креативті шыршалар фестивалі өтті

Қарағандыда креативті шыршалар фестивалі өтті. Фестивальге қаладағы 20-ға жуық мекеме қатысып, өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды, деп хабарлайды khabar.kz.

Фестивальде шойын жолдан, жоғарғы кернеулі бағандардан жасалған шыршалар бар. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері пластик бөтелкеден шырша тұрғызыпты. Сондай-ақ жоғары оқу орындары жаңа жылдық ағашты кітаптан қалап шықса, кен өндіру компаниясы көмірден жасаған. "Шахтер" стадионының туындысы тіптен қызық. Спорттың бірнеше түрін бір шыршаға тоғыстырыпты. Қазылар алқасы барлық туындыны мұқият қарап шықты, жаңа жыл қарсаңында қортындысы шықпақ. Ал ерекше шыршалар мереке аяқталғанша қаланың сәнін келтіріп тұрады.

"Университет болғаннан кейін оқу мекемесі болғаннан кейін барлық кітаптардан, 12 факультеттен тұрамыз, соны фундамент ретінде қойып, осындай елка-дизайн жасап шығардық", -дейді Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы Ғалым Кенжебеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу