Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып,3 жылға бас бостандығынан айырды. Жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы шенінен айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.
Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.