Қарағандыда Сарыарқа көшесіндегі жаңа саябақта бала ашық құдыққа құлап кетті. Ұлын әкесі құдықтан шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Баланың әкесі оқиға орнын суретке түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Бұл дерек полицияда тіркелген.
"Зардап шегуші медициналық мекемеге жүгінгендіктен, нақты шешім сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін ғана белгілі болады. Полиция қызметкерлері жауапкершілікке тарту үшін тиісті жерасты коммуникациясына қызмет көрсететін ұйымды іздеп жатқанын хабарлаймыз", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу