Қарағандыда күйеуін ұрған әйел жауапкершілікке тартылды

259

Ол жанжал кезінде ер адамның басынан таспен ұрған. 

Қарағандыда күйеуін ұрған әйел жауапкершілікке тартылды Фото: Pawel Kacperek

Оқиға биыл 21 сәуірде сағат 00:10 шамасында 23-шағын ауданында орналасқан 13-үйдің 2-кіреберісінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жанжал кезінде күйеуі кәмелетке толмаған балаларын мопедтен итермек болған. Сол кезде әйел оның басынан таспен ұрған. Осылайша дене жарақатын салған. Сараптамада әйелдің де денсаулығына жеңіл зиян келгені көрсетілген. Сонда да ер адам әйелін жауапқа тарту туралы шешім қабылдады.

“Оған қатысты әкімшілік қылмыстық кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), бойынша іс қозғалды. Кейінірек іс сотқа жіберілді”, –  делінген сот хабарламасында.

Істің барлық мән-жайын қарағаннан кейін сот қарағандылықты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оны 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға үкім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мұндай оқиғадан кейін ерлі-зайыпты бірге өмір сүруді жалғастыра ма әлде қарым-қатынасқа нүкте қоя ма, бұл туралы сот хабарламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу