ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов кеше Қарағандының іргесінде жоспарлы ұшу кезінде апатқа ұшығараған МИГ-31 ұшағының жарамдылық мерзімі туралы айтты.
"МИГ-31 ұшағы апатқа дейін 29 жыл бойы пайдалануда болған. Ұшақтың қызет көрсету мерзімі 30 жыл. Яғни ресурсы 2021 жылы бітуі керек болған. 2013 жылдың 19 қарашасында аталмыш ұшақ Ресей Федерациясының Ржев қаласындағы №514 жөндеу зауытында жоспарлы күрделі жөндеуден өткен болатын. Жөндеуден кейін ұшақтың қызмет ету мерзімі 8 жыл деп көрсетілген. Жаңа айтқанымдай ол мерзім келесі жылу бітуі керек еді", – деді ол онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу