Қарағанды қаласына күн шуағынан қуат алатын көше атаулары жазылған тақтайшалар орнатылмақ. Көше үйлерінде жалпы осы секілді екі жарым мың тақтайша пайда болады, оның 900-і жанында орнатылған күн батареяларының арқасында жарықтандырылады, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.
"Бізге заманға сай қадам басатын кез келді", - деп түсіндірді тақтайшалардың қажеттілігі туралы Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев. "Әлемдік елдердің тәжірибелерін қабылдауымыз керек. Сонымен қатар жүргізушілерден түнгі уақыттарда үйлердегі көше атаулары бар тақтайшалары көрінбейтіні туралы шағым жиі түседі. Оларды жарық шағылыстыратындай етіп жасаудың да пайдасы болмайды. Себебі оларды көлік шамдарымен жарықтандыру мүмкін емес, олар жоғары орналасқан. Сондықтан жарықтандырылған тақтайшалар қажет. Ал күн батареялары заманға сай және экологиялық болып табылады. Алайда мұндай аншлагтар қаланың орталық көшелерінде ғана орнатылады. Басқа жерлерде олар электр желісіне қосылады. Жалпы бұл жобаға 70 млн теңге бөлінген, оның 40 миллионы күн батареясы бар аншлагтарға жұмсалады. Соңғыларының екі жылдық кепілдігі болады. Осы секілді сілтемелердің құны 22 700 теңгені құрайды.