Қарағандыда күн электр стансасы салынады

1036

Жобаға Қазақстанның даму банкі қаржы бөледі.

Қарағандыда күн электр стансасы салынады

Қазақстанның даму банкі 2021 жылы қуаты 200 МВт болатын баламалы энергетика жобаларын қаржыландырмақшы. 

"Баламалы энергетика жобаларына биыл да қаржы бөлу жоспарда бар. Алматы облысында су электр стансасының каскадын, Қарағанды облысында күн электр стансасын, ШҚО мен Алматы облыстарының шекарасында жел электр стансаларын салу жобалары дайын. Осы жобалар іске асса, стансалардың қуаты 200 МВт болады деп болжап отырмыз. Ал қаражатына келсек, біздің қатысуымыз 80 млрд теңгеден астам. Теңгемен айтып отырғанымыз, біз инфрақұрылымдық жобаларды теңгелей ғана қаржыландырамыз. Заңнамада бізге шетелдік валютамен жұмыс істеу құқығы берілсе де, біз тәуекелдерді ескеріп, осындай шешім қабылдағанбыз" – деді банктің басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Оның айтуынша аталмыш банк жалпы баламалы энергия жобаларына 700 млрд теңге инвестиця салған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу