Қарағандыда күн электр стансасының құрылысы басталды

794

Қарағандыда күн электр стансасының құрылысы басталды

Қарағанды облысы Саран қаласында бүгін Орталық Азиядағы ірі күн электр стансасының бірі болатын "SESSaran" ЖШС күн электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

"Бүгін заңнамалық және қаржы мәселелері шешіліп, барлық рұқсат беру рәсімдерінен өтті. Күн стансасын салуға 160 га жер учаскесі бөлінді. Техникалық негіздемесі әзірленді, сараптама қорытындысы бар. "KEGOC" АҚ-мен қуат беру схемасы әзірленіп, келісілді, техникалық  қосу шарты   алынды. Инвесторларымыздың жолы ұзақ әрі күрделі. Бұған бес жылдан артық уақыт жұмсалды. Жұмыс Орталық Азиядағы ірі күн электр стансасы іске қосылғанда аяқталады", - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов салтанатты шарада.

"Жобаны іске асыру үшін барлық негізгі мәселелер сәтті шешілді. Бүгін біз құрылысы 2018 жылы аяқталатын күн электр стансасын салуды бастаймыз. Бұл электр стансасы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз. Біріншіден, бұл "жасыл" технология және қоршаған ортаның ластануын азайту. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру", - деді бас инвестор Ян Зонненшайн. 

Бөлінген алаңда 3700-ден астам күн панелі орналастырылады. Электр энергиясын жылдық өңдеуі сағатына  145 млн кВт-ты құрайды. Станса қуаты - 100 МВт. Салыстырмалы түрде,  Саран қаласы бұдан 10 есеге төмен тұтынады.  

Оның инвесторлары - Еуропалық одақ өкілдері. Жоба құны 140 млн еуроға жуық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу